Білім күні » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2019

Білім күні

                                              Анықтама

 1-қыркүйек «К. Шакенов атындағы орта мектебі» КММ-де Білім күніне орай 1-11 сыныптар және ұстаздар мен ата-аналарға салтанатты тізіліс өткізілді. Білім күніне арнайы қонақ болып келген Жарма аудандық оңалту орталығының басшысы Құрма Нүркеновна  және Ақжал ауылдық округінің әкімі Алиясов Нұрлыбек Тілеуханұлы да ортамызда болды. Тізіліске алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізіліп, әнұран ойналғаннан кейін, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» мерекесінің алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Байгалиев Кайрат Сыдықұлына берілді. «Кенжебек Шакенов атындағы орта мектебі» КММ-де 2018-2019 оқу жылы аясында мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп, ұстаздар мен оқушылардың жеткен жетістіктері мен атқарған қызметтері аз болмады. Осы оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміз аудан мектептері ішінде алдыңғы қатарлы мектеп деп танылып 3 орын орынға иеленді. 

Мектебімізде ұстаздар қай бағытта болмасын белсенді, білімдері әр жыл сайын елеп-ескеріліп отырады. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хатымен Сәуле Советхановна Нурмухамбетова марапатталып еңбегі еленсе, Толқын Мейрамхановна Бажаева Жарма ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Жарма аудандық Білім бөлімінің басшысының Құрмет грамотасымен тарих және география пәні мұғалімі Құдайберген Тортайұлы Ашимханов пен мектеп психологы Алия Мауткановна Канашева марапатталды. Тамыз кеңесіне ардагер ұстаз ретінде Бакыткуль Кинаятовна Сулейменова арнайы шақыртылып, қонақ болды. 

Жыл сайын ұстаздар арасында өтетін спартакиада ойындарында біздің  ұстаздар үздіктер қатырынан көрініп, жүлделі үшінші орынға ие болды. 

Мектепішілік, аудандық олимпиадалардан өтіп, облыстық республикалық олимпиадаларға қатысқан оқушыларымыз да жетерлік. 

- IQANAT  республикалық олимпиадасында ерекше көзге түсіп, республикалық кезеңге дейін өткен 10-сынып оқушысы Бағыдат Гүлнұрды және жетекшісі Оразаева Жібек Жамбыловнаны атап өту керек. 

Толқын Мейрамхановна қай жарысқа бармасын жүлделі орындармен оралады. Сол жарыстардың ішіндегі мақтанышпен айтатыны:

Республикалық "Ақберен" байқауының Ақындар айтысы бойынша облыстық  кезеңінде ІІ орын иеленген - Өнербек  Жақсыбекті атап өту керек. Міне, осылай өткен оқу жылының қорытындысына қысқаша шолу жасалды. 

        Ары қарай, оқу ісінің меңгерушісі         Унуспаева Дина Бигазыевна биылғы оқу жылының бұйрығымен таныстырды. 

        Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қуаныштарында да шек болмады. Осы бүлдіршіндердің ата-аналары да мектеп ұстаздарын алғашқы қоңырау күнімен құттықтап, өз тілектерін білдірді. 2 қыркүйек күні білім күніне орай барлық сыныптарда "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты тәрбие сағаттары өткізілді.

















 

Похожие публикации:

26 ноябрь 2018 Ұстаздар күні
03 апрель 2017 Әкімшілік
28 февраль 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив