Алтын күз
Тақырыбы: Сыбдыры сұлу, Алтын күз!
1- жүргізуші . Кеш жарық құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бармысыздар жақсы ниетпен келген ұстаздар қауымы!
1- жүргізуші. Бармысыңдар жалынды оқушылар қауымы!
2-жүргізуші. Егеменді еліміздің жарқын болашағын жалғаушы биылғы «Сыбдыры сұлу» Алтын күз атты мерекеге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы екенін ұғындық. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы анық.
2-Жүргізуші : Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!
1-Жүргізуші : Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2- жүргізуші: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
1-жүргізуші: Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқалары:
1
2
3
2-жүргізуші : Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1. Сыныпты таныстыру
2. Панно (ешбір бояусыз, тек дәнді дақылдан жасалатын сурет)
3. «Өнерлі өрге жүзер» (әр сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді)
4. Киім үлгісі (өз ойларынан шыққан туынды)
5. Көңілді аспазшы (салат мәзірімен таныстыру)
Сайыскерлерді рет санымен ортаға шақырамыз! Бірінші болып бастайтын 5 а сыныбы
1- жүргізуші:
Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? – дегендей
1-кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз. Шарты: қатысушы әр сынып өз сыныптарын таныстырып шығады.
2-жүргізуші: Келесі кезек «Өнерлі өрге жүзер».
1-жүргізуші: Панно – үйге берілген тапсырма. Кезекпен үй тапсырмасын қорғап шықсаңыздар.
1- жүргізуші: «Киім үлгісі»
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісімен,
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен.
Келесі кезекті сән үлгісіне береміз.
Шарты: әр сынып өздерінінің дайындаған киім үлгілерін көрсетеді
2- жүргізуші: «Көңілді аспазшы»
Жақсы асын сақтайтын қонақтарға,
Қашан келер, кім келер болжам бар ма?
Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған,
Кім жетер пейілі кең қазақтарға!
Ас мәзірін анасының, жеңегесінің қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың дайындаған салат түрлеріне кезек берелік. Шарты: Әр сынып өздерінің дайындаған салат түрлерін ұсынады.
2- жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік
1- жүргізуші: Қорытынды. Марапаттау.
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да
2- жүргізуші: Міне біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.
Ән - мереке жолықтырсын аман-сау
Күз кешінің шымылдығын жабамыз!


