"Жас Ұлан" біріңғай республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан" біріңғай республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы
28
ноябрь
2019

"Жас Ұлан" біріңғай республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы

28 қараша күні мектебімізде Тұңғыш Президент күні қарсаңында "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Қонақ болып Ақжал ауылдық округінің бас маманы Тайшигирова Раушан Мейрамхановна келді. Тізіліске 1-11 сынып оқушылары қатысты. Ең алдымен залға ҚР Мемлекетті Туы енгізіліп, Әнұран ойналды. Кейін Ұланбасы Бағыдат Гүлнұр мектеп директоры Байгалиев Қайрат Сыдықұлына рапорт беріп, мектеп басшысы салтанатты тізілісте оқушылардың ант қабылдауына рұқсат берді. 5 сынып оқушысы Құдайбергенұлы Нұртай 1-ші және 5-ші сынып оқушылары атынан ант қабылдады. Оларға туымыз түстес көк галстуктер тағылды. Мектеп директоры Қайрат Сыдықұлы ант қабылдаған барша оқушыларды құттықтап сөз кезегін алса, Ақжал ауылдық округінің бас маманы Раушан Мейрамханқызы барлық ұстаздар мен оқушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Құдайбергенұлы Нұртайдың орындауында "Рухтастардың әні" атты ән орындалғаннан кейін залдан Мемлекетті Ту шығарылып, салтанатты жиын аяқталды.