«Айналайын» жазғы лагері –балалардың демалыс орны. » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айналайын» жазғы лагері –балалардың демалыс орны.
01
июнь
2022

«Айналайын» жазғы лагері –балалардың демалыс орны.

Жадырап жаз шығып,  оқу жылы аяқталысымен К. Шакенов атындағы орта мектебінде мектепішілік "Айналайын"лагері бастауыш сынып оқушыларымен жұмысын бастап кетті. Лагерь жұмысы 1 маусым-Балалар балаларды қорғау күнінен басталды. Мерекеге бастауыш сынып оқушылары түгел қатысып, мерекелік көңіл күймен бастау алды. Жазғы лагерьге баруға балалар асығады. Өйткені, жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.  
Биылғы жылы бірінші кезеңде барлығы 56 бала қамтылды. Оқушылар күнделікті тамақтанады.  25 бала көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы балалар тегін тамақтануда. «Айналайын» мектепішілік лагерінде оқушылар  «Құлыншақ», «Достық», атты топтар мен "Шебер қолдар", "Жас математик" үйірмелеріне бөлініп,  жұмыс атқаруда. Лагерь жұмысы арнайы бекітілген жұмыс жоспары бойынша демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып,  өте қызықты өтуде.  Сурет салып, тақпақ жаттап, ән салып, қызықты кітаптар оқуда. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, топтық жұмыстар, үйірме жұмыстары өткізілуде.  Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Көңілді старт», «Лагерь аруы», «Қазынаны тап» интеллектуалды сайыстарына оқушылар қызығушылықпен өтуде. "Оқуға құштар мектеп" аясында балалармен әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде. Балаларға арналған кинофильмдер тамашалай алады. Сол арқылы "Бұл қай ертегі?", "Кейіпкерлерді тап" ойындары өткізілді. Мектепішілік лагерьге келу арқылы көптеген  түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеріп  мәз-мейрам болысады. Осылайша, лагердің әр күні мәнді де, сәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосып жүрген тәрбиешілер:  
Д.Н. Нұрбаева, М.К.Құмарова , 
Г.С. Абиленова, 
С.С. Нурмухамбетова   мен лагерь басшысы А.Р. Калиева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Г.Ж. Тагаева   еңбектерін ерекше атап өтуге   болады. Олар лагердің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосып жүргені байқалып тұр. Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлап  демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп қайтқаны сөзсіз. 
               Нурмухамбетова  Сауле Советхановна-бастауыш сынып мұғалімі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив