22
апрель
2023
Облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен турнир өтті
Абай облысы Жарма ауданы Жаңаөзен ауылындағы «Кенжебек Шакенов атындағы орта мектебі» КММ-де Ауған соғысының ардагері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері арасында Облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен турнир өтті.
Өңірдің қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытып, елеулі істің әрқашан ортасынан табылатын арда азамат, ауған соғысының ардагері Тілеухан Әнуарбекұлы Бургажинов 60 жастан асқан шағында дүниеден өтті. Батыл әрекетіне орай, «Ауған даңқы» орденімен, «Әскери қызметі үшін», «Ерлігі мен батылдығы үшін» және басқа да наградалармен марапатталды. Әскери борышын аяқтап, туған өлкесіне келген Тілеухан Әнуарбекұлы Жарма ауданында жүргізуші, техник, мастер және басқа да түрлі қызметтерде еңбек етті. Жарма аудандық Ауғанстан соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы болды. Өмірінің соңына дейін ауданның ауқымды игі істеріне ұйытқы болып, түрлі әскери-патриоттық шаралар, спорт жарыстары, кездесулер, акциялар өткізуге белсене атсалысты. Қоғамдық–саяси өмірге, жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері атанған Тілеухан Анауарбекұлына арналған турнирдің негізгі мақсаты: жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген қонақтар:
1) Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Нұрлыбек Акылбекович
2) Абай облысының Ауғанстандағы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауғанстандағы соғыс ардагері «Құрмет» орденінің иегері Бегатов Боранбай Оразбайұлы
3) Абай облысы Білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Курманов Болат Анарбекович
4) Тілеухан Ануарбекұлының өмірлік серігі, ардақты ана, Жаңаөзен ауылының тұрғыны Бургажинова Саркыт Турсынгазиновна
5) Абай облысы аудандары мен қалаларынан оқушылардың құрама командалары қатысты.
Жалпы есептік қорытынды бойынша Жарма ауданы 1 командасы гран-при иегерлері атанып, жеңіске жетті.