01
сентябрь
2023
"Мектебім мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579606_img-20230901-wa0184.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579553_img-20230901-wa0189.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579563_img-20230901-wa0203.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579603_img-20230901-wa0108.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579872_img-20230901-wa0192.jpg[/]
"Кенжебек Шакенов атындағы орта мектебі" КММ-де "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесі өтті. Күмбірлеген қоңырау үнін асыға күткен ұстаздар, оқушылар, ата - аналар салтанатты жиынның куәсі болды. []http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579553_img-20230901-wa0189.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579563_img-20230901-wa0203.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579603_img-20230901-wa0108.jpg[/]
[]http://zharma-shakenov.mektebi.kz/uploads/posts/2023-09/1693579872_img-20230901-wa0192.jpg[/]
Мерекеге Ақжал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ершикенов Елдар Мақсатұлы қатысты.
Мерекелік шарада облыстық "Жарық жұлдыз" ән байқауының лауреаттары Маралбаева Мадина мен Думан Дарын және 1-сыныпқа келген Тимурқызы Дария бүгінгі мерекемен құттықтап , әсем әндерін жолдады.
Мектеп директоры Байгалиев Қайрат Сыдықұлы бүгінгі күннің себепшілері 1-сынып оқушылары мен ата-аналарына, ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, мектебіміздің өткен оқу жылында жеткен жетістіктерін атап өтті. Осы орайда мектеп ұжымына алғыс білдіре отырып Нысангалиев Алибек Анескановичті, Доненбаева Самал Болатхановнаны, Қапез Үмітті марапаттады.
1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиын сыныптарда бірыңғай сынып сағаттарымен жалғасты.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп қызметкерлері, жаңа 2023-2024 оқу жылы құтты болсын!