Іс-шаралар » Страница 17 » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕБІМІЗДЕ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСЫТЫРЛДЫ
12
апрель
2023
МЕКТЕБІМІЗДЕ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ОЙЫНЫ
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТҮРЛІ ЗИЯТКЕРЛІК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА. СОЛАРДЫҢ БІРІ - ШАХМАТ ОЙНАУ  ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ. ШАХМАТ САБАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖӘНЕ АҚЫЛ ОЙ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТУ.  ОСЫ ОРАЙДА БҮГІН МЕКТЕБІМІЗДЕ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШАХМАТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСЫТЫРЛЫП, 4:2 ЕСЕБІМЕН ОЙЫН АЯҚТАЛДЫ.  #шахматчеллендж
Мектебімізде оқушылармен көрме ұйымдастырылды
11
апрель
2023
Мектебімізде оқушылармен көрме ұйымдастырылды
Мектебімізде оқушылармен көрме ұйымдастырылып,  танымдық сабақтар жүргізілді. Мақстаы: жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу. Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
«Тазалық – табалдырықтан басталады»
07
апрель
2023
«Тазалық – табалдырықтан басталады»
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мектеп оқушылары, ұстаздар мен қызметкерлер республикалық өтіп жатқан  тазалық акциясына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты. Бұл шара  әрбір азаматтың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауылымыздың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
"Қыс қызығы"  атты спорттық сайыс
24
март
2023
"Қыс қызығы" атты спорттық сайыс
23-ші ақпанда дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында  "Қыс қызығы"  атты спорттық сайыс өткізілді. Сайыс кеглилерді қар кесегімен атып құлату,омбы қармен жүріп өту, хоккей шайбасын соғып нысанаға тигізу, арқанмен  өту сияқты кедергілер жолағы түрінде өтті. Кедергілерден ең жылдам өтіп келген 6 " А" сыныбы 1-ші орынды, 2-ші орынды 7 "Ә"  сыныбы, 3-ші орынды 7 "А"  сыныбы иеленді.
«Бұрымды қыз» байқауы
18
март
2023
«Бұрымды қыз» байқауы
Жарма ауданы "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне және Жарма ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырған «Бұрымды қыз» байқауына мектебіміздің оқушылары Сәрсенбек Сая І орын, Мұқит Шәрбат ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
15
март
2023
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт -
ұлттық ойындар
14
март
2023
ұлттық ойындар
ХХІ  ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектеп ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепте қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырамыз.
викториналық ойын
10
март
2023
викториналық ойын
«Оқуға құштар мектеп» аясында Наурыз мерекесіне викториналық ойын 6ә сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесін тойлау туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын құрметтеу.
"Әлемнің жарығын сыйладын сен  маған!" атты көрме
06
март
2023
"Әлемнің жарығын сыйладын сен маған!" атты көрме
Мектебімізде орта буын оқушыларына арасында "Әлемнің жарығын сыйладын сен  маған!" атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: ата-ананың қадірін, қасиетін, өнегелі өмірін, үлкеннің ақыл-кенесін тыңдауға, мейірімділікке тәрбиелеу.