Білім алушыларды қорытынды аттестаттау » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушыларды қорытынды аттестаттау
14
март
2017

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.


Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

 

 

Пәндер

Емтихан формасы

Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі)

Жазбаша —эссе

3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары

Жазбаша емтихан

5 сағат

3

Қазақстан тарихы

Ауызша (билетпен)

 

4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу

80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика

Тестілеу

80 минут

 

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті - 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және талдау бастамалары - 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3. Қазақстан тарихы - Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

 

  • Лексика-грамматикалық - 20 тест тапсырмасы;

  • Тыңдалым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);

  • Оқылым - 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

 

Таңдау бойынша 1 пәннен - Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі).

Тест 40 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: 20- берілген бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға; 20- берілген бірнеше жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған.


Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив