«Үздік жыл психологы 2022»
8 қараша күні педагог-психологтарға арналған «Үздік жыл психологы 2022» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау үш бағам бойынша өткізілді: І бағам-3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар; ІІ бағам-3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар; ІІІ бағам-7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар қатысты. Нәтижесінде: ІІ бағам бойынша мектебіміздің педагог-психологы Канашева Алия Мауткановна І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпазымызды құттықтаймыз!