08
февраль
2023
«Мен жаңашыл ұстазбын»
7 ақпан күні гуманитарлық пәндер онкүндігінің қорытындысы бойынша бірлестік кезекті отырысын өткізді. Отырыста 2 мәселе қаралды.
1. Бірлестік жетекшісі Бейсенбина Ардак Сериковна онкүндіктің қорытындысы бойынша сараптама оқып, қорытындылады.
2.«Әріптесіме сыйлыққа 1 әдіс» акциясы өткізілді. Мақсаты: онкүндіктің «Мен жаңашыл ұстазбын» тақырыбына сәйкес сабақтағы тиімді әдістерді оңтайлы пайдаланып, оны қолдануға әр бірлестік мүшесі ат салысты. Бұл акция әр ұстаздың сабағының жаңашыл идеяға толы, әрі заманауи әдіс-тәсілдермен өткізуге жаңашасерпін береді деген оймен жүзеге асырылған еді. Болашақта бұл акция бүкіл мектеп ұжымы тарапынан қолдау табатыны сөзсіз.