«Үздік жыл психологы-2022» » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2022

«Үздік жыл психологы-2022»


Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен білім беру психологтарының арасында «Үздік жыл психологы-2022» облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың басты мақсаты - талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру). Конкурстың басты міндеттері: қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру, шығармашылық жаңалықтармен, идеялармен, тәжірибемен алмасуын ұйымдастыру.
Конкурсқа 3 жылға дейін; 3-7 жылға дейін; 7 жылдан астам еңбек өтілі бар 18 мектеп педагог-психологтары қатысты.
 Нәтижесінде мектебіміздің педагог-психологы Канашева Алия Мауткановна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!