03
апрель
2017
"Қош келдің, әз-Наурыз"
17 наурыз Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекесі аталып өтті. Мереке бастауыш және жоғары сынып оқушылары арасында қазақы дәстүрлермен сабақтаса өткізілді. Әр сынып дастархан жасап, ұлттық тағамдармен толықтырылды. Мерекеде тұсау кесу дәстүрі, бата беру, бесікке бөлеу тағы да басқа қазақы дәстүрлер көрсетілді. Сондай-ақ мерекеге ауылымыздың қарттары қонаққа шақырылып, үлкендер мерекелік бата берді. Шара соңы ұлттық ойындармен жалғасты. Қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартысы, асық ату сияқты ойындармен мереке қызықты да, тартысты өтті.