Оқушылар ұйымы туралы ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар ұйымы туралы ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
22
сентябрь
2022

Оқушылар ұйымы туралы ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Оқушылар ұйымы туралы ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.
Сайлаушылар-8-11 сынып оқушылары.
Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алады. Оларға тең құқықтар мен сайлауға қатысу шарттарына кепілдік беріледі.
Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылады, сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Осы Ережеге сәйкес бүгін, 22 қыркүйек мектебімізде оқушылар ұйымына Президенттікке Үміткерді сайлау өткізіліп жатыр.
Дауыс беру 16:00-де аяқталады.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив