Қауіпсіздік ережелері ата-аналарға
Құрметті ата-ана!
__________________________________________________________________!
Сіздерден балаларыңыздың демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын орындау туралы және келесі нұсқаулықтарды орындауларыңызды сұраймыз және ескертеміз.
«Білім Заңы» 27.07.2007 ж.
1. 49 бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:
1) Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) Демалыс мезгілінде су қауіпсіздігін сақтауын қадағалау: жасы кішкене балаларды өздігінен өзенге жібермеу; өзенге шомылғанда терең жерге бармау туралы ескерту;
3) Сіріңке, жарылғыш, тез жанғыш заттарды, пышақ, тағы да басқа денсаулыққа зиян әкелетін заттарды қолдануға болмайтынын ескертіп отыру;
4) Демалыс мезгілінде кешкі 19.00.ден кейін далада жүрмеуге; жолда , көшеде келе жатқанда бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспеуге, сөйлесуге болмайтынын ескертіп отыру;
5)Ауылды мекендерде орналасқан ойын-сауықтыру мекемелеріне (кафе,ресторан, түнгі клубтар; т.б.) мектеп оқушыларының баруға болмайтыны туралы, тыйым салынатынын ескертіп отыру.
6)Жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, үлкен жолда арнайы, жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүру қажеттігін үнемі ескертіп отыру;
7) Көпірден өту кезінде абай болу қажеттігін естеріне салып отыру;
Аталған нұсқаулықтардың орындалуына, талаптардың қатаң сақталуына ата-ана тікелей жауап беретінін естен шығармау және орындалуының жауапкершілігі ата-аналарға міндеттеледі.
Таныстым_______________________
(Ата-анасы)
2016-2017 оқу жылы
Сынып жетекшісі: ___________________ А.С.Бейсенбина
Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: ____________ Қ.Т.Ашимханов