"Талаптың мiнiп тұлпарын, Тас қияға өрледiң..." » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Талаптың мiнiп тұлпарын, Тас қияға өрледiң..."
13
декабрь
2019

"Талаптың мiнiп тұлпарын, Тас қияға өрледiң..."

    2019 жылдың 13-i желтоқсаны күні К. Шакенов атындағы орта мектебінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуы карсаңында "Талаптың мiнiп тұлпарын, Тас қияға өрледiң..." тақырыбында байқау өткізілді. Мақсаты - ұлы ақынның шығармаларын насихаттау, шығармашыл ұстаздарды анықтау және көркем сөз оқу өнерін дамыту;
     Абай мұрасын кеңінен насихатталуын, ұлттық мұра ретінде дәрiптелуiне, бағалануына ықпал жасау. Байқау 3 бағытта өтті.
1 - Абай өлеңдерін жатқа айту,
2-қара сөздерін оқу өнері,
3-"Абай жолы" роман эпопеясынан үзінді оқу.
     Сайысқа 14 мұғалім қатысып, жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абайдың шығармаларын оқып бiлу- барша қазақ халқының парызы. Ұлы Абайдың шығармаларын оқу мектебімізде әлі жалғасын таппақ. Сайыскерлерді құттықтай отыра, келесі қатысушыларға сәттілік тілейміз.