28
ноябрь
2019
Тұңғыш Президент күні
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Ең алдымен 25 қараша күні «Ел бақытын ұлықтаған Елбасы» атты тізіліс өткізілді.
7-10 сыныптар арасында «Тәуелсіз Ел және Елбасы» атты мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды. Оған 23 оқушы қатысты. І орынды 7 «Ә» сынып оқушысы Нұрбек Жұлдыз, ІІ орынды Шәмелқан Жаңылсын мен Сәрсенбек Сая, ІІІ орынды Төлеген Балжан мен Тұрсынбек Арайлым иеленді. Елбасына арнауларын оқған Өнербек Гүлнұр мен Зиябек Заринаға барша көрермендер жақсы тілектерге айтты. Яғни, бұл оқушылар енді ғана қадам басып, ақындық өнерге бет бұра бастаған, сөз мақамдары да ерекше екеніне оқушылар баға берді.
1-4 сыныптар арасында «Тұңғыш Президент күні – тарихи маңызы зор мереке» атты тәрбие сағаты өткізілді. Барлық сыныптарға Елбасының туған жері, отбасы, оқыған оқу орны, еңбек жолдары мен жазған еңбектері көрсетіліп, айтылса, «Елін танытқан ер» атты тәрбие сағаттары 5-8 сыныптарда өткізілді. Ал 9-11 сыныптарда «Ел бастаған – Елбасы» тақырыбында өтті.
28 қараша күні «Жас Қыран», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 1-ші және 5-ші сынып оқушыларын қабылдау салтанатты тізіліс өткізілді. Қонағымыз Ақжал ауылдық округінің бас маманы Тайшигирова Раушан Мейрамхановна келді. Тізіліске 1-11 сынып оқушылары қатысты. Ең алдымен залға ҚР Мемлекетті Туы енгізіліп, Әнұран ойналды. Кейін Ұланбасы Бағыдат Гүлнұр мектеп директоры Байгалиев Қайрат Сыдықұлына рапорт беріп, мектеп басшысы салтанатты тізілісте оқушылардың ант қабылдауына рұқсат берді. 5 сынып оқушысы Құдайбергенұлы Нұртай 1-ші және 5-ші сынып оқушылары атынан ант қабылдады. Оларға туымыз түстес көк галстуктер тағылды. Мектеп директоры Қайрат Сыдықұлы ант қабылдаған барша оқушыларды құттықтап сөз кезегін алса, Ақжал ауылдық округінің бас маманы Раушан Мейрамханқызы барлық ұстаздар мен оқушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Құдайбергенұлы Нұртайдың орындауында "Рухтастардың әні" атты ән орындалғаннан кейін залдан Мемлекеттік Ту шығарылып, салтанатты жиын аяқталды.
Сонымен, «Елбасы сүйген әндер» атты мерекелік концертпен апта қорытындыланды. Шараға барша оқушылар мен ұстаздар қатысты. 4 сынып оқушылары Елбасы туралы тақпақ оқып, Табысбек Бұлбұл Елбасына арнау оқыды. Әбілғани Нартай, Құдайбергенұлы Нұртай, Жеңіс Алтынай мен Алмиса Балжанның орындауында әсем әндер орындалды. Бастауыш сынып бүлдіршіндері мен 7 сынып оқушыларының қазақ билері мен мектебіміздің күйшілер тобының орындауындағы «Еркесылқым» күйі де өте жоғары дәрежеде дайындалып, тамаша бір әсерде болдық.