20
февраль
2020
"Талаптың мiнiп тұлпарын, Тас қияға өрледiң..." 2 кезең
2020 жылдың 20 ақпан күні "К. шакенов атындағы орта мектебі" КММ-де Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуы қарсаңында "Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің..." тақырыбында ұстаздар арасындағы байқауының 2-кезеңі өткізілді. Мақсаты - ұлы ақынның шығармаларын насихаттау, шығармашыл ұстаздарды анықтау және көркем сөз оқу өнерін дамыту. Байқау 3 бағытта өтті. 1 - Абай өлеңдерін жатқа айту, 2 - қара сөздерін оқу, 3 - "Абай жолы" роман эпопеясынан үзінді оқу. Жеңімпаз ұстаздар грамота және сыйлықтармен марапатталды. Қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абайдың шығармаларын оқып білу - барша қазақ халқының парызы. Ұлы Абайдың шығармаларын оқу мектебімізде әлі жалғасын таппақ. Сайыскерлерді құттықтай отыра, келесі қатысушыларға сәттілік тілейміз!