24
октябрь
2022
«Тұғыры биік тәуелсіз елім!» тақырыбында патриоттық ән байқауы өтті
Мектебімізде «Тұғыры биік тәуелсіз елім!» тақырыбында патриоттық ән байқауы өтті. Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту; Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру;
Қатысушының бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу мақсатында сайыс ұйымдастырылды. Орындалатын әннің тақырыптық мазмұнының сәйкестігі, сахна мәдениеті, музыкалық өңделуі, орындау шеберлігі сияқты өз ережесі бекітілген болатын. Барлығы: 14 қатысушы болды. Бас жүлдені
7 "А" сынып оқушылары Рифатқызы Баян мен Табысбек Бұлбұл жеңіп алды. Сынып жетекшісі: А.С. Бейсенбина
Құттықтаймыз!