14
декабрь
2022
«Тәуелсіздігім-айғағым»
Алаулаған жанарыңнан нұр тамып
Бүгін сені күллі дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді көгіңде
Әнұраның әлемде жүр шырқалып.
Тәуелсіздігімізге тұғыр болатын саналы да, тәрбиелі, білімді азамат болу – жас өреннің басты парызы. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі армандап өсіп келе жатқан талапты ұрпақтың еншісі – ол Тәуелсіз Болашақ. «Тәуелсіздігім-айғағым»,-деп білетін әрбір жасөренге берілген бүгінгі тәрбие сағаттары ертеңгі ұрпақтың санасында мәңгі қалуы керек. Бастауыш сынып ұстазы Сауле Советхановна
3 «А» сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.