Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі
01
июнь
2022

Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі

Халықаралық  балалар күніне орай келген тамаша бір бастаманың ашылу салтанаты «К.Шакенов атындағы орта мектебі» КММ - нің қабырғасында өткендігін дүйім жұртқа жар салып жеткізіп отырмыз. «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген ұстанымды ұстанған білім ордасы «Балалар күніне» орай мектеп жанынан  тағы бір спорт алаңының  яғни «Құмдағы  волейбол» алаңының ашылу салтанатын өткізген еді. Ашылу салтанатының құрметті қонақтары болып, Жарма аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы  Сембинов Есен Қалиасқарұлы, Жарма ауданының маслихат депутаты Абдрахманов Маутхан Құрманбайұлы, Жарма аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Жансеитов Марат Советханұлы, Ақжал ауылдық округінің әкімі Жумаканов Мерхат Сайлаубайұлы, Букуров Мэлс ауданымыздың кәсіпкері, «Жарма аудандық білім бөлімі»ММ әдіскері Дүйсенбаев Жомарт Төлеутаевич өздерінің игі тілектері мен ықылас пейілдерін білдірген еді.  Осы спорт алаңының салынуына демеушілік көрсеткен ауыл азаматтары мен мектеп түлектерін атап өтуді жөн санап, мына азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Абдрахманов Мауытқан  Құрманбайұлы Жарма аудандық маслихат депутаты, Жаңаөзен ауылының тұрғындары Кумарсагитов Қайрат, Құрман Жұман, Сайлан Есмұрат сынды ел ағалары, ауыл азаматтарына, 2006, 2007, 2016 жылғы мектеп түлектеріне демеушілік білдіріп, көмек көрсеткендері үшін алғысымызды айтамыз. Бүгінгі балалар ертеңгі ел болашағы . Біліммен қатар тәрбие мен спортты қатар алып жүретін жас жеткіншектің болашағы жарқын болары сөзсіз.  Таза ауада спортпен айналысып ,жарқын болашаққа деген сенімі нық, арманы асқақ, бойына білім мен ұлттық тәрбиені сіңіріп өскен жас өреннің еліміздің ертеңгі салиқалы да саналы болашағы болатынына кәміл сенеміз.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив