26
апрель
2017
Жүректен жүрекке

Елімізде өткізіліп жатқан «Жүректен жүрекке» акциясынан
«К.Шакенов атындағы орта мектебі» КММ – сі де шет қалған жоқ. Акцияның мақсаты:
әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға қол ұшын беру. Қазіргі таңда
мемлекетіміз жағдайы төмен отбасыларды әрдайым басты назарда ұстайды. Егеменді
еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Олардың жағдайын жасай
білу – біздің міндетіміз. Осы акция барысында, әлеуметтік жағдайы төмен,
көпбалалы отбасындағы оқушылармен жекелей жұмыс жүргізіліп, олардың арман –
тілектерін қағаз бетіне түсіріп, «Түлектер» сайтына хат жолдаған болатынбыз.
Сол тілектер қолдау тауып, 21 сәуір күні Жарма аудандық Маслихатының депутаты,
Жангиз-төбе мұнай өнімдері ЖШС-нің директоры Абдрахманов Мауытқан Құрманбайұлы әлеуметтік көмекті қажет ететін
отбасылардың балаларына 40 мың теңге көлемінде (5 оқушыға спорттық киімдер алып
берді) демеушілік көрсетті. Балалар да, ата – аналар да дән риза. Қайырымдылық —
халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, Мауытқан Құрманбайұлына
біздің айтар алғысымыз зор. Елімізде осындай азаматтар көп болса, оқушылардың
да болашағы жарқын болары сөзсіз.