Жас шыбықтан мәуелі бәйтерекке » "К.Шакенов атындағы орта мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 47-42-457
Есепші бөлімі:
+7(727) 47-42-457
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
апрель
2017

Жас шыбықтан мәуелі бәйтерекке

Жас шыбықтан мәуелі бәйтерекке

Табиғатқа жанашыр болу – адамазат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Бүкілқазақстандық ағаш егу күні мерекесін «Жасыл даму», «Жасыл жапырақ» бағдарламасы аясында, қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру, абаттандыру мақсатында, «Түлек – 2017» іс-шарасы ұйымдастырылып, К.Шакенов атындағы мектептің түлектері сәуір айының 22- і күні аулаға жас көшеттер отырғызып, өздерінің армандары жазылған., (капсула) сауыттарын үлкен бір үмітпен, болашаққа деген зор сеніммен мектеп ауласына орналастырды. Бүгінгі оқушылар, түлектер, жылдар өте, жас көшеттер мәуелі баққа айналған шақта, мектеп ауласында кездесіп, балалық шақты сағынышпен еске алар сәттерін, армандарының орындалғанын қалап, қаншалықты қоғамда орындары табылғанын ортаға салып пікірлесу сәттерін де өмірлік жоспарларына енгізіп, уәде етісті.

Тәрбие беру мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен өнердің қызметін табиғат қорғау жұмысына бағыттай отыра ұйымдастыратын, «жақсылықты күнделікті көзбен көріп, ұстап үйренулері қажет» деп білетін мектеп ұжымы «Табиғатқа қамқорлық балалар бақшасынан басталып, орта мектеп пен жоғары дәрежелі білім беру мекемелерінде жалғасатын үздіксіз үрдіске айналуы қажет!» деп тани отыра мектеп түлектерінің жас көшеттер отырғызған аллеясын күтіп-баптау жауапкершілігін 10-сынып оқушыларына салтанатты түрде табыс етті. Сонымен бірге осы игілікті істі дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Түлектер құрметіне отырғызылған жас көшеттер көз тартар көркімен мектеп ауласына жаңа бір өң беріп қана қоймай, мектеп сияқты үлкен кемемен білім қайнарында жүзіп жүрген жас жеткіншектерге рухни-адамгершілік мектебінің мақсатын жүзеге асыру бағытындағы тәрбиелеу көзі іспетті болғаны анық

Иә, бұл тек алғашқы бастама ғана. «Алда әлі талай жұмыстар мен жоспарлар бар. Ертең өмірге жолдама алар мектеп түлектері ел, ауыл табиғатын бүгінгідей бай, берекелі қазынаға айналдыру жолында өз үлестерін қосарларына сенімім мол. Осы сияқты іс-шаралар үлгі болуы әбден мүмкін»,-дейді мектеп басшысы Қ.С.Байгалиев.

Жас шыбықтан мәуелі бәйтерекке

 

 

Похожие публикации:

03 апрель 2017 1 желтоқсан
02 март 2017 Мектеп тарихы
28 февраль 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив