01
сентябрь
2022
Білім күні мерекесі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін 1 қыркүйек жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде «Білім күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Салтантты жиынға құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысып, оқушыларға жаңа оқу жылына өз тілектерін білдірді. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім әлеміне Абиленова Гулмира Слямхановна мен Бақытқызы Гүлназ жетелеп шықты. Мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған түлектердің сыйға тартқан 1 000 000 теңге тұратын музыкалық аппаратура табыс етілді. Көрсетілген сый-сияпатқа алғысымды білдіреміз!
Жиын барысында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың алғыс хатымен мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бажаева Толкын Мейремхановна марапатталды. 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілген "Бала көшбасшы" республикалық жобалар байқауында ІІІ дәрежелі дипломымен 3 сынып оқушысы Қайрат Аяна марапатталды. Жетекшісі: Нурмухамбетова Сауле Советхановна. Салтанатты шарадан соң «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.