22
сентябрь
2022
«Әуезов тілі – менің тілім» шығармашылық жоба
М.О. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Әуезов тілі – менің тілім» шығармашылық жобадан аудандық байқау өтті.
Мақсаты:
- М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттау;
- пән мұғалімдерінің оқу ізденістерін, шығармашылық - зерттеу деңгейлерін анықтау, креативті қызметтерін жетілдіру.
Шығармашылық жоба байқауына жұмыстар 2 бағытта қабылданды:
1. «Психологиялық портрет» М.О.Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлердің психологиялық портреті.
2. «Әуезов тілі – менің тілім» М.О.Әуезов шығармаларынан құнарлы ойдан туған құнды сөздерді теру, мағынасын нақтылау.


