22
март
2022
Наурыз думан
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
Дәстүр бойынша Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін.
Дәл осы дәстүрді Ақжал ауылдық округінде тойлаған ауыл тұрғындары мерекелік күнді жоғары деңгейде өткізді. Әрбір көшені ауыл аттарына бөліп дастархан мәзірі бойынша және қол күресі, арқан тартыс, қой көтеру, гір тасын көтеру, тай, құнан, бәйге жарысы сияқты сайыс түрлерімен ауыл тұрғындары сынға түсті. Сайыстың барлық кезеңдері бойынша марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарының концерттік бағдарламасымен мереке жалғасын тапты.